«Ауыл аманаты» жобасы талқыланды

303
Талас ауданында «Ауыл аманаты» жобасының жүзеге асыру барысы туралы аудан басшысы Нұрбол Жүнісбековтың төрағалығымен жиын өткізілді.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары, ауылдық округ әкімдері мен шаруа қожалық иелері қатысты.
Ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылуы мен табысын арттыруға бағытталған жобаның мақсаты — ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жан-жақты қолдау көрсету, ауыл тұрғындарын агробизнеске тарту, азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты мәселелерді шешу, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру болып табылады.
Жалпы, «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыруға Талас ауданынан Ойық ауылдық округі таңдалған. Аталған округте барлығы 432 түтін бар. Оларда 2870 адам тұрады. Биыл ауданда бұл бағдарлама аясында жалпы құны 843,3 млн теңге болатын 134 жоба жүзеге асырылмақ.
Одан бөлек, пилоттық жобаны одан әрі жалғастыру мақсатында 2023 жылға Бостандық (310 аула, 2 159 адам), Берікқара (412 аула, 2 252) ауылдық округтері бойынша пилоттық жобаның төлқұжаты дайындалды.
Төлқұжатқа сәйкес, барлық 5 бағыт бойынша Бостандық ауылдық округінде 490,4 млн. теңгеге 135 жоба, Берікқара ауылдық округінде 628,5 млн. теңгеге 187 жоба іске асырылу көзделуде.
Қосымша ұсынылған 4 ауылдық округ бойынша скрининг жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде, Ақкөл ауылдық округінен 110 жоба, Тамды ауылдық округінен 50 жоба, Қызыләуіт ауылдық округінен 119 жоба және С.Шәкіров ауылдық округінен 112 жоба облыс әкімдігінің ауылшаруашылығы басқармасына ұсынылды.
☑️☑️☑️ Талас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.