Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы қашан атап өтілетіні белгілі болды

110

Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы өртке байланысты кейінге шегерілген Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған шаралар 1 қазанда өтеді. Бұл туралы іс-шараның ұйымдастыру алқасы мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.

«Биыл 3-5 қыркүйекке жоспарланған Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар Әулиекөл ауданындағы төтенше жағдайдың салдарынан кейінге шегерілген болатын. Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар тарапынан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетілді. Қазіргі таңда жағдай тұрақталды.

Осыған орай, Ұлт ұстазының мерейтойы 1 қазан күні атап өтілетін болады. Мерекелік шаралар Ахмет Байтұрсынұлы және Торғай ауылдарында өтеді.

Бағдарлама бойынша Сарытүбек қонысында Ахмет Байтұрсынұлының кесенесіне тағзым жасау, музей-үйдің тұсаукесері өтіп, ас беріледі. Торғай ауылында спорттық шаралар (қазақ күресі, ат жарысы), ескерткіштің ашылуы, реэкспозициядан кейінгі А.Байтұрсынұлы мен М.Дулатұлының әдеби музейінің тұсаукесері, ғылыми-практикалық конференция жоспарланған», – делінген ұйымдастыру алқасының хабарламасында.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы облыста өртпен байланысты жағдай тұрақталып, зардап шеккендерге көмек көрсетілген соң Ахмет Байтұрсынұлының туған жеріне баратынын мәлімдеген болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.