Жастарға барлық жағдай мен мүмкіндіктер берілген

1 241

– Толық аты-жөніңіз, қызметіңіз?

– Рахимжанов Маханбет Дүйсебайұлы. Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры.

– Жастар саясатында қызмет көрсеткеніңізге неше уақыт болды?

– 2009 жылдан бастап аталмыш мекемеге «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы арқылы 6 айлық жұмысқа қабылданып, кеңесші-психолог, «Ұйымдастыру» бөлімінің басшысы, мекеме директорының орынбасары қызметтерін өткеріп, 2017 жылдан бастап мекеме директоры болып тағайындалдым. Жалпы осы саладағы қызмет өтілім — 10 жыл.

– Жастар саясатында нені өзгерткіңіз келеді?

– Аталмыш саланың басы қасында жүрген 10 жылды ескеретін болсақ жастар саясаты идеологиялық бағыттың өте күрделі саласы. Жастар әркез қоғам дамуының негізігі тетігі. Ал осы санатты әлеуметтендіру, мемлекеттің дамуына қосқан үлкен үлес іспеттес. Әрине жастардың бос уақытын ұйымдастыру, олардың түрлі шығармашылық қызығушылықтарын дамыту тұстарына ден қою қажет жұмыс екені белгілі. Бірақ бұгінгі таңда олардың жұмыспен қамтылып, әлеуметтенуі басты назарға алынатын шаруа. Осы орайда, аудандық, облыстық деңгейде қызмет атқарып жатқан ЖРО – дың жұмыс бағытын қайта қарап, 2020 жылдан бастап практикаға енгізілген жастарға қызмет көрсету орталықтарының жұмыс ауқымын кеңейте түсу қажет. Мұндағы берілетін басымдық жастарды жұмыспен қамту, жас отбасы институтын дамытуға білікті сала мамандарын тарту, жастар денсаулығын қалыптастыруда кешенді шаралар (ерте жүктіліктің, суицидтің, наркомания мен алкогализмнің алдын алуға бағытталған) жоспарын жетілдіру қажеттігі туындауда.Ендігі кезектегі жастар саясатында атқарылуы тиіс жұмыстар қатары осындай болуы қажет.

– Сіздің жастарға деген сеніміңіз қандай? Және не себепті олай ойлайсыз?

– Қазіргі заман өте интелектуалды даму қарқынындағы озат ойлы, ұтқыр шешімді, белсенді жастардың уақыты. Оларға барлық жағдай мен мүмкіндіктер берілген. Егерде осы жастарды керек білімін бере отырып қоғамдық өмірге бейімдейтін болсақ мемлекет дамуы көп жұмысты талап етпес еді. Дамыған елдердің алдына шығудың ең қажет дүниесі  жастар арасындағы білім бәсекелестігі.

– Жастарға арналған қай мемлекеттік бағдарламалар сіздің өңіріңізде кең орындалуда?

– Қазіргі таңда жастарды қолдауға бағытталған көптеген бағдарламалары бар. Олардың Жамбыл ауданында атқарылып жатқандарына тоқтайтын болсам.А.ж. «Жасыл ел» еңбек жасағына аудандық бюджеттен бөлінген 3,4 млн теңгеге жұмыссыз, NEET  68 жас (Көлқайнар а/о-15, Өрнек а/о-16, Гродеково а/о-10, Жамбыл а/о-11, Ерназар а/о-10, Ақбұлым а/о-6)тартылды. Алдағы тамыз, қыркүйек айларында тағыда 12 жасты қамту көзделуде.

Мәңгілік ел жастары – индустрияға – «Серпін-2050» бағдарламасымен солтүстік өңірлерде аудан бойынша 162 жас (2014 ж. – 30, 2015 ж. – 45, 2016 ж. – 49, 217 ж. – 41, 2018 ж. – 25, 2019 ж. – 25, 2020 ж- 5)оқудан өтіп, маман атануға үлкен мүмкіндіктер алуда.

Жастардың кәсіпкерлік әлеуетін шыңдауға тиісінше мән берілуде.2021 жылдың 1 шілдесіне 278 жас ваканттық бос жұмыс орындарына орналасса, 74-і қысқа мерзімді кәсіби курсында оқытылды, 12-і әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды, 60 түлек жастар тәжірибесіне жолданып, 230-і ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды.Жастардың инновациялық және кәсіпкерлік әлеуетін дамытуға бағытталған «Бастау бизнес» жобасы аясында 107 жас оқытудан өтіп, бизнес жоспарын қорғаса, жоба аясында 161-і грант алды (ескертпе грант алу конкурсына 2020 жылы «Бизнес бастау» жобасы асяында сертификат алған жастарда қамтылды), 22-і шағын несие алды.

Атқарылған жұмыстар нәтижесінде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2021 жылдың І жарты жылдықта 1,6% (328 адам) құрады.

Жастарды жұмыспен қамтуда «Дипломмен ауылға» бағдарламасының да маңызы ерекше.Бағдарламасы арқылы көтерме жәрдемақы алуға 34 маман, несиеге 14 маманды тарту көзделген. Ағымдағы жылдың 6 айында  9 жас маманға көтерме жәрдемақы берілген (медицина, білім, мәдениет, спорт салалары). Тұрғын үйге несие алу үшін 5 жас өтініш білдіріп, несие алды.

– «Болашақ – жастардың қолында» деген тұжырыммен қаншалықты келісесіз?

– Байлығын малымен емес артында қалған ұрпағымен өлшейтін ұлы даланы мекен еткен қазақ халқы әркез басты мәнді артына із басар ұрпақ тәрбиелеу практикасына бөлгені айтпасада белгілі. Адам ұрпағымен мың жасайды деген даналық «Болашақ – жастардың қолында» деген тұжырыммен сай келетін мораль тұрғысындағы үлкен ұғым. Кезең кезеңімен өтіп жатқан өмірде кейінгі ұрпақ жастарға аманат ретінде қалдырылатын дүние болғандықтан бізге артылатын жүктің аманатқа қиянат жасамау деген үлкен тапсырмасы тұрады. Ал сол тапсырманы тиісінше табысты, жемісті етіп алып шығу біздің артымыздан ілескен ұрпақ алдындағы бізге берілетін бағамен сай болғандықтан қолдан келген нәрсені барынша табысты етіп істеу біздің яғни жастардың үлкен міндеті. Тәуелсіз мемлекеттің жастары қандай болуы қажет?

– Өңіріңіздегі жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында жастар ресурстық орталығының атқарған жұмыстарына тоқталып кетсеңіз…

– Ауданда жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында 171 спорт нысандары, жастардың шығармашылығын шыңдау мақсатында 1 аудандық мәдениет үйі, 3 ауылдық мәдениет үйі, 19 ауылдық клуб, 29 кітапхана, 1 музей жұмыс жасайды.

2021 жылдың ІІ тоқсаны қаңтар айының көрсеткіші бойынша ауданда дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушы 14-29 жас аралығындағы жастар саны – 8183 адам немесе жастардың 42,0%. Мәдениет үйлеріндегі 90 үйірмеге 924 жас, орталық жанынан ашылған аула клубтарына 230 жас тіркелген, кітапханаға келуші оқырман жастар саны –11367, 2021 жылдың 6 айында өткізілген іс-шара саны – 293, қамтылған жастар саны – 4998 жас. Волонтерлық бағытта -31 іс-шара өткізіліп, 671 жас қамтылды.

Ауданның басқа ауданнан ерекешелеп тұратын тағы бір бағыты жастар арасында тау туризмді, жартасқа өрмелеу спортының дамуы. Осы бағытта түрлі айтулы даталарда ауданның осы спорт түрін жанына серік еткен және белсенді жастары облыс аумағында орналасқа таулардың биік нүктелерін бағындыра отырып, белгісіз шыңдарға атау беруі үрдіске айналған дүние. Атап айтар болсақ, 2019 жылы Жастар жылының ашылуы салтанаты мен қатар аудан жастары Т.Рысқұлов ауданында орналасқан Қайығды шатқалындағы 3800 метр биіктіктегі «Дегерес» шыңын бағындырып, бағындыру кезінде 3200 метр биіктікте орналасқан белгісіз шыңға «Жастар шыңы» деген атау берген болатын. Меркі ауданында орналасқан таулардың 4200 метрлік биіктігін ба,ындырып Шер атамыздың есіміне «Шерхан шыңы» деген атау беріліп, ұлы жазушымызды ұлықтауға үлкен мүмкіндік алдық. Биылғы жылдың маығзыдылығын ескере отырып алдағы уақытта «Тәуелсіздік шыңы» деген атауға ие болатын белгісіз біршыңды бағындыру жоспары тұр.

Сонымен қатар, біздің аудан алғашқылардың бірі болып ұлттық спортты дамытуға үлкен мән беріп іс әрекет жасаған. Олай дейтініміз осы бағытта «Аула клубы» ашылып, алғашқы жылдығ қзінде ақ нәтиже беріп «Асық ату» сынды ұлттық спорттың түрінен республикалық деңгейдегі жеңімпаздарды дайындап шығарды. Ат спорты дамыған, «Әулие ата» командасын республикаға паш еткен Жамбыл ауданы екені бәрімізге белгілі, осы орайда сол ағаларының ізін басатын ат үстіндегі азаматтарды тәрбиелеу мақсатында ауданда көкпардан жастар лигасы ұйымдастырылып, 2019 жылдан бастап жылына 2 реттен тұрақты түрде ұйымдастырылып өткізіліп отырады. Осы жұмыстың барлығы «Жастар ресурстық орталығының» бүгінгі таңға қол жеткізген жетістіктері.

– Жастардың еңбек сатысымен көтерілуінде аға буынның алатын орны туралы айтып кетсеңіз…

– Әрбір қызметке келгенде жас маманға кеңес беретін бір аға буын маман болатыны анық. Ешкім біліп тумайды. Әркім көргенін, біреуден естіп түйгенінің нәтижесінде тәжірибе жинап сала маманы атанады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.