ӨТКЕН ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫНА АРНАЛДЫ

677

 

Аудандық  сотта сот жұмысының 2022 жылдың қорытындысы бойынша сот төрағасы Досжан Төленбековтің төрағалығымен брифинг өтті. Іс-шараға жергілікті “Ауыл жаңалығы” “Сельская новь” газетінің тілшісі Арайлым Нарбатырова қатысты.
Іс-шара барысында сот төрағасы Досжан Қанатбекұлы 2022 жылы аудандық сотта 63 әкімшілік іс, 828 азаматтық іс, 91 тұлғаға қатысты 76 қылмыстық іс, 674 тұлғаға қатысты 674 әкімшілік құқық бұзушылық бойынша іс қаралғандығына екпін салды. Қылмыстық істер бойынша 78 тұлғаға қатысты 69 үкім, азаматтық істер бойынша 455 шешім шығарылғандығы, Билер кеңесінің қатысуымен сотта медиация тәртібін қолдану арқылы азаматтық істер бойынша қысқартылғандар саны — 88, әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істер саны 93 екендігі жайлы айтып өтті.
Бұдан бөлек төраға 2022 жылы БАҚ-мен қарым-қатынасына тоқтала келе, осы уақыт аралығында жергілікті және республикалық басылым беттерінде барлығы 60 мақала жарияланғандығын атап айтты.
Сонымен қатар, сот өндірісіндегі мемлекеттік тілдің қолдану деңгейі не айрықша тоқталды.
— Мемлекеттік тілді дамыту, қолдану сот жүйесінде үлкен көрсеткіштер көрсету қажет.
Байзақ аудандық сотының өндірісінде 2022 жылы ішкі құжаттардың жасалу саны 1327 құжат, оның ішінде мемлекеттік тілінде 1325, яғни 99,85%, кіріс хаттары 7562 құжат, оның ішінде  мемлекеттік тілде 4867 немесе 64,36%, шығыс хаттары 7744 құжат, оның ішінде  мемлекеттік тілде 7730 әзірленген.
Сондай-ақ, Байзақ аудандық сотының өндірісімен 2022 жылы барлығы 1641 іс қаралған, оның 78,1% мемлекеттік тілде қаралған,- деді төраға.
Брифинг соңында Д.Төленбеков жергілікті басылым тілшісінің сұрақтарына жауап берді.

 

«Ауыл жаңалығы»-ақпарат.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.