Жүрек жұтқан ақтөбелік ер азамат 25 қабаттық ғимаратқа шығып алды

954

Ақтөбеде 1991 жылғы жігіт 25 қабаттық ғимараттың үстіне өрмелеп шығып алды. Ер адам ешқандай қауіпсіздік ережелерін ұстанбаған.

Ер жігіт жақын арада өзінің көпқабатты ғимараттың үстіне өрмелеп шыққан видеосын жүктеген. Алайда, бейнежазба 2017 жылы жасалғаны белгілі болды.

Жүрек жұтқан жігіттің айтуынша, қоғамда шу орын алмас үшін олар өздерінің роликтерін түсірілім аяқталған соң бірден жүктемейтін болып шықты.

Оның бұл көпқабатты ғимаратты еңсеруге дайындығы екі жыл бойы жалғасқан.

Жүрек жұтқан ер азамат ешкімді өзінің әрекетін қайталауға шақырмайды. Керісінше, қауіпсіздік ережелерін сақтамай және ешбір дайындықсыз бұл қадамға баруға тыйым салынатынын ескерткен.

Оның айтуынша, спорттың бұл түрі басқа елдерге қарағанда Қазақстанда кенже қалып отыр.

Ақтөбелік жігітті, тіпті Ресейдегі каскадерлік мектепке шақырған. Бірақ ол Қазақстанда жаттыққысы келетінін айтып, бұл ұсыныстан бас тартыпты.

Ол болашақта жастардың осы спорт түрімен жаттыға алатын зал ашуды жоспарлауда.

nur.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.