Балықшыларды іздеу жұмыстары жүргізілуде

233
Жамбыл облысында Билікөл көлінде іздестіру жұмыстары жалғасуда
11 қаңтардан 12 қаңтарға қараған түннен бастап 1981 және 1987 жылы туған Қарабастау ауылының Билікөл көлінде жоғалып кеткен тұрғындарын іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Оқиға орнына Жамбыл облысы ТЖД тиісті күштері мен құралдары жедел жетіп, 10 тәулік бойы әуесқой балықшыларды іздеу жұмыстарын жүргізді.
Департамент штабында секторлар бойынша іздеу жүргізу үшін картада Биликөл көлі 91 учаскеге бөлінген. Әрбір тексерілген сектор картада белгіленді.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына Жамбыл облысы ТЖД жеке құрамы, жергілікті тұрғындар, туыстары мен еріктілерден басқа 40 бірлік техника, 1 эхолот, 3 пилотсыз ұшу аппараты және 9 жүзу құралдары тартылды.
Сондай-ақ, іздеуге ҚР ТЖМ “Қазавиаспас” АҚ Еурокоптер тікұшағы жұмылдырылды .
Құтқарушылардың іс-қимыл алгоритміне сәйкес іздеу жұмыстары 10 күн бойы жүргізілді. 2024 жылдың 21 қаңтарында 10 күн өткеннен кейін іздестіру жұмыстары тоқтатылды. Себебі жоғалған адамдардың туыстары қолайсыз ауа-райына (жел, кей жерлерде тұман, аяз және т.б.) байланысты жүргізілетін жұмыстардың күрделілігіне орай, қолайлы ауа-райы белгіленгенге дейін іздеуді тоқтатуды сұрады.
Ал 10 ақпанда іздестіру жұмыстары қайта басталды. Бұл күні ұшқышсыз ұшақтың көмегімен жоғалған адамдардың бірінің денесі табылып, жағаға шығарылды. 1987 жылы туған азаматты іздестіру жұмыстары бүгінгі күнге дейін нәтиже бермеді. Қазіргі уақытта іздестіру жұмыстары жалғасуда. Құрметті азаматтар! Қауіпсіздік шараларын сақтаңыздар.
Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.