Таразда есігі құлыпталған пәтерде қалып қойған 2 бала құтқарылды

148

Оқиға Тараз қаласындағы 15 шағын ауданында болған.

Шақыртуға С.Сахариев, Ж.Қадыров, А.Қалмаханов, Е.Телеубаев, Р.Тілеукулов бастаған 5 құтқарушы барды.

Өз кезегінде құтқарушы Рахат Тілеуқұлов альпинистік құралды қолданып, төртінші қабатқа көтеріліп, терезеден үйге кірді.

Үйде қамалып қалған балалар анасына тапсырылды.

 

BAQ.KZ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.