«6 минут бойы тепкілеген»: Мысықты азаптап өлтірген ер адам 2,5 жылға сотталды

40

Түркияда мысықты ұрып өлтірген ер адам 2,5 жылға сотталды.

Фото: onedio.com

Ыстамбұл қаласының тұрғыны Ибрагим Келоғлан есімді азамат өзі тұратын тұрғын үй кешенінің ішінде жүрген жануарды қасақана өлтірген. Ер адамның мысықты азаптап жатқан сәті тұрғын үй кешеніндегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Видеодан ер адамның мысықты 6 минут бойы азаптап, тепкілегенін анық көруге болады.

Видеолар әлеуметтік желіде тарап тұрғындар мен еріктілердің наразылығын тудырды. Халық наразылыған соң, ер адам қамауға алынды. Алғашында сот Ибрагим Келоғланды бір жыл үш айға бас бостандығынан айырғанымен, Ыстамбұл тұрғындары сот ғимаратының маңында жаппай наразылық шерулерін бастап, әлеуметтік желілерде #eros (мысықтың аты) белгісімен 1 миллионға жуық жазба жарияланды.

 

Нәтижесінде Ерос есімді мысықты өлтірген Ибрагим Келоғлан 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Stan.kz ақпарат агенттігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.