2023 жылдың 20-26 қараша аралығында Тараз қаласы аумағында «Борышкер – 2023» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі.

116
«Борышкер – 2023» іс-шарасының мақсаты – құқық бұзушыларға қатысты салынған айыппұлдарды барынша өндіру, сондай-ақ әкімшілік айыппұлдарды уақытылы өтеу қажеттілігі туралы халықты хабардар ету.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 811-бабының 2-бөлігіне сәйкес, әкімшілік айыппұлдарды жеті тәулік ішінде төлесе, онда көрсетілген соманың елу пайыз мөлшерін ғана төлейді.
Көлік жолындағы рейдтік іс-шаралар кезінде патрульдік полиция қызметкерлері тиісті мәліметтер базасы бойынша автокөліктердің нөмірлеріне қатысты тексеру жұмыстарын жүргізеді. Егер жүргізуші борышкерлер тізімінен табылса, көлік құралы қарызды өтегенге дейін айыппұл тұрағына қойылады.
Сондай-ақ азаматтар өз айыппұлдарын келесі тәсілдермен тексеруге және төлеуге болады: онлайн режимінде «Egov.kz» электрондық үкімет порталының көмегімен, екінші деңгейдегі банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімшелерінде, сондай-ақ мобильді қосымшалардағы qamqor.gov.kz., Kaspi.kz Egov.kz. интернет-сайттары арқылы онлайн төлем жасауға болатындығын хабарлайды.

 

Тараз қаласының әкімдігі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.