Құрметті Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтары!

91
Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күніне орай, 25 қараша, сенбі күні Орталық алаңда кең көлемде жәрмеңке өтеді.
Жәрмеңке ауыл шарушылығы өнімдерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылуда.
Жәрмеңкеде Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Тұрар Рысқұлов, Сарысу, Талас, Шу, Мойынқұм, Меркі, Қордай аудандары мен Тараз қаласы тауар өндірушілерінің өнімдері сатылады.
Жәрмеңкеге ет (жылқы, сиыр, қой, тауық) және сүт өнімдері (қымыз, шұбат, құрт, ірімшек), шұжық өнімдері, кондитерлік өнімдер, макарон өнімдері, жеміс және көкөніс түрлері жеткізіледі.
Аталған жәрмеңке облыстың тауар өндірушілеріне өз тауарларын делдалсыз, тікелей тұтынушыларға сатуға мүмкіндік береді.
Құрметті қала тұрғындары! Келіңіздер, күзгі жиын-терін өнімдерін төмен бағада алуға үлкен мүмкіндік.

 

 

Тараз қаласының әкімдігі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.