Жылы шырай, татулық, кішіпейілдік

171

Қаймағы бұзылмаған қазақ халқының қарттарға деген құрметі қашан да жоғары екенін бұзылмас қағида. Тәрбие мен ұлттық сананы жаңғыртып, жастарға даңғыл жол сілтей білген ардагерлер еліміздің таусылмайтын асыл қазынасы болып табылады. Қарттар жүрген жол жастарға сенімді серпін беріп, алдағы мақсатқа жетуге артылған асқан талпыныс деп білемін.Тамыры мен тарихы бөлек қазақ халқының ұлттық құндылығы сыйластық пен жылы шырай таныту. Ұлттың басты қаруы – ұлтжандылық пен адамгерлішік. Осы қасиеттерді бойына сіңіре алған ұрпақ қана жетістікке жете алатынын қазақ халқы бұрнағыданбері қозғап келеді.

Қарияларға жылы шырай таныту адамдық қасиеттің асыл шыңы. Адамдықты жыр еткен мерейлі сәтте қалалық билер мен «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен аудандық «Коворкинг» орталығында «Жылы шырай, татулық, кішіпейілдік» атты ардагерлер мен жастардың кездесуі өткізілді. Кездесудің мақсаты – жастардың бойына адамгершілік, рухани құндылықтарды сіңіру оларға дұрыс бағыт беру. Кездесуді жүргізген қалалық билер кеңесінің төрағасы – С.Қырғызбаев тақырыптың мәні мен мақсатын ашып көрсетіп, жастарды тәрбиелікке, бірлікке шақырды. Сөз алған билер кеңесінің мүшесі Б.Абдрахманов басқа түскен қиындықтарға мойымай төтеп беру керектігін айтып, басынан өткен қызықты оқиғалармен бөлісті. Билер кеңесінің мүшесі – Ж.Шәдиев пен А.Қалымбеков жастарға жігер мен қайрат, рух керектігі туралы сөз қозғап, келешек ұрпақты патриот болуға шақырды. Өз кезегінде сөз алған «Жастар ресурстық орталығының» жастар ісі жөніндегі инспекторы – Б.Балғабай жастарға әлеуметтік желілерден гөрі кітапқа баса назар аудару керектігін айтып, қоғамдағы бірқатар мәселелер туралы сөз қозғады. «Жастар ресурстық орталығының» директорының орынбасары – С.Тоқбанов қарттарды қадірлеп, кішіпейілділікті сақтау қажеттігін алға тарта отырып, алдағы жоспарлармен бөлісті. Кездесуде жастар қарттарға сұрақтарын қойып қызықты мәліметтермен бөлісті. Алдағы уақытта мұндай іс-шаралар жалғасын табатынына жастар сеніммен қарады. Жастар қарттарға қашан да да құрмет көрсетеді.Мұны талқыланбайтын миссия деп білеміз және орындаймыз. Таңмен таласа тұрып жақсылық пен ізеттілікке ұмытлған жас өрен аға буынның ақылы мен бағыт бағдары керек екендігін біледі және жауапкершілікті сезінеді. Жасампаздыққа жетелейтін жастар көзқарасының бір парасы осы. Алда атқаратын жұмыстар шаш етектен. Сын сағатта сынаптай сынып қалмай, сан саланы меңгеріп жүрген жастар бүгінгі күннің бейбіт мамандары мен ерлік танытатын еріктілері қарттарды сыйлайды. Талапты ердің тұлпарына мінген жас талап тағылымды істерімен тарихта тұлға блып қалуды көздейді. Мақсат орындалады. Міндетті істерде жастар өз миссиясын жоғалтпақ емес.

Ж.Жұмағұл,

«Жастар ресурстық орталығының» директоры

Leave A Reply

Your email address will not be published.