Жастармен жұмыс жүйелі

140

Т.Рысқұлов ауданында  Пробация қызметінде  есепте тұрған жастарды қоғамдық өмірге бейімдеу  мақсатында экскурсия ұйымдастырылды. Жастар экскурсияда  Құлан ауылындағы  тарихи жерлерде саяхат жасап, Орта ғасырлық тарихы бар «Құлан қалашық» және тарихи «Өлкетану» музейіне барды. Экскурсиядан бөлек Пробация қызметінде есепте тұрған жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Салауатты өмір салты- саулық кепілі» атты спартакиадамен жалғасты. Спартакиада төрт түрлі спорт түрі бойынша өтті. Атап айтар болсақ кіші футбол, қол күрес кермеге тартылу, стрикваркаут. Жастар  бес командаға бөлініп бақтарын сынады. Жалпы командалық есепте « Ақжайық» командасы 1 орынды иеленсе, «Заман» командасы 2 орынды , «Алға» командасы 3 орынды місе тұтты. Осындай іс-шаралар алдағы уақыттта да жоспарланып, жыл соңына дейін жалғаспақ. Спартакиада соңы арнайы әзірленген жастар ресурстық орталығы директоры  мен Т.Рысқұлов аудандық Пробация қызметінің бастығының дипломдарымен бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Бүгінде аудан бойынша Пробация есебінде тұрған 14-29 жас аралығында 105 жас бар. Алдағы уақытта бұл топтағы жастарды қоғамдық өмірге белсенді араластыру жоспарда бар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.