Прокуратура қызметкерлері №67 мекемесінде сотталған және тергеудегі әйелдерді жеке қабылдады

33

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №67 мекемесінде прокуратура қызметкерлерінің қатысуымен сотталған және тергеудегі әйелдерді жеке қабылдау өткізілді.
Қабылдау барысында әйелдердің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталу мәселелеріне ерекше назар аударылып, олардың өтініштері мен ұсыныстары тыңдалды. Сонымен қатар, құқықтарының сақталуына қатысты сауалнама жүргізіліп, қолданыстағы заңнама талаптары бойынша жан-жақты құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – сотталған және тергеудегі әйелдердің құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету, құқықтық сауаттылығын арттыру және көтерілген мәселелерді заң талаптарына сәйкес шешуге ықпал ету.
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №67 мекемесінде сотталғандар мен тергеудегі адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, олардың өтініштері мен арыздарын уақтылы қарау, сондай-ақ заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.