Жуалы ауданында 9 айда 5 млрд 72 млн. теңгенің өнімі өндірілген

431

Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында Жуалы ауданы әкімі Бақтияр Көпбосыновтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Бақтияр Бейсембайұлы ауданның соңғы 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Аудан экономикасы өткен жылмен салыстырғанда барлық салалар бойынша ілгерілеуді көрсетіп отыр.
2018 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында құрылыс жұмыстарының көлемі 2 971,9 млн. теңгені құрап, (2017 жылы 1 260,9 млн. теңге) былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 289,0 % пайызға орындалды.
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2018 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 10 927,6 млн. теңгені құрады (2017 жылы 8 281,9 млн. теңге), 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 132,4 пайызға орындалды.
Өнеркәсіп өнімдерін шығарып отырған кәсіпорындар 2018 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 5071,9 млн. теңгенің өнімдерін өндіріп, (2017 жылы 4 494,4 млн. теңге) өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өндірілген өнімнің нақты көлем индексі 107,9 пайызды құрады.
Ауыл шаруашылығы саласында жалпы өнім көлемі 18 млрд. 683,9 млн. теңгені құрап (2017 жылдың 9 айында 18 473,7 млн. теңге) немесе нақты көлем индексі 103,6 пайызды құрады.
Мал өнімдері бойынша 2018 жылдың 1 қазанына ет өндіру тірі салмақпен 9 564,0 тн. (2017 жылы 9 196,0 тн.), сүт өндіру 36 871,1 тн. (2017 жылы 35 423,0 тн.), жұмыртқа 6 994,3 мың дана (2017 жылы 6 718,8 мың дана) өнім алып, 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ет өнімі 4,0 пайызға, сүт өнімі 4,1 пайызға, жұмыртқа 4,1 пайызға пайызға артты.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.