Жемқорлыққа жол жоқ

880

2019 жылы қаңтар 29 жұлдызында ҚАЖД ЖД-158/1 мекемесінің режим және күзет бөлімінің бастығымен ұйымдастырылған “Сыбайлас жемқорлыққа — жол жоқ” атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің басты мақсаты – жеке құрамға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы шараларын жеткізу.

Сондай-ақ, қызметкерлердің назарына ҚР Мемлеккеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен дайындалған сыбайлас жемқорлық тақырыбындағы видеоролик ұсынылды. Видеороликте кезінде әртүрлі салада беделді қызмет  атқарған, қазіргі уақытта жазасын өтеп жүрген азаматтардың өмірі мен өкініштері бейнелеген. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні – сол бейнероликтің кейіпкері болмау.

Жеке құрамның ой түйтініне сенімдіміз!

ҚАЖД ЖД-158/1 мекемесінің

Режим және күзет бөлімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.