Шу ауданында “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы жалғасуда

35

Шу ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Жасыл аймақ» апталығы аясындағы жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Шара шеңберінде саябақтарға ағаш көшеттері отырғызылып, көгалдандыру жұмыстары жалғасып жатыр.

Бүгін Шу ауданы өзге ұлт өкілдері көп шоғырланған елді мекендерде, атап айтар болсақ Қонаев, Қорағаты, Жаңажол, Төле би ауылдық округтерінде этнос өкілдерінің «Бірлігіміз жарасқан!» атты ауыл саябақтарында тал әктеу жұмыстары жүргізілді. Акцияға жалпы 150 адам жұмылдырылды.

Аталған акция аясында Төле би ауылдық округінде өзге ұлт өкілдері «Даңқ» аллеясындағы талдарды әктеді. Игі шараға жалпы 20-дан аса жан жұмылдырылды. Айта кетейік, «Таза Қазақстан» акциясы барысында Шу ауданында 700-ге жуық тал көшеті отырғызылып, 5 тонна күл-қоқыс шығарылған. Ал сенбілік жұмыстарына 2 000-нан астам аудан тұрғыны жұмылдырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.