Жас дарындар аудан үмітін ақтады

190

Сарысу ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ауданымызда мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жолында қоғамда жастар арасында орын алып жатқан түйткілді мәселелерді шешу және жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалану, түрлі бағыттағы: құқықтық, психологиялық, дін мәселелері бойынша кеңестер беру, әлеуметтік проблемалардың шешілу жолдарынт.б. мақсатында жұмыс жасап отырған бірегей мекеме.

Аталған мекеме қаншама жылдан бері талантты да талапты, дарынды жастарды қолдау мақсатында түрлі аудандық, облыстық байқауларды ұйымдастырып, үздіктерді анықтап, оларға дем беріп келеді.

Осы мақсатта жастарды мәдениет пен өнерге баулу және қолдау аясында 2021 жылдың 12 мамырында орталықтың жұмыс жоспарына сәйкес, XVII дәстүрлі Аудандық Дельфийлік ойындарының іріктеу кезеңі өткен болатын. Түрлі номинация бойынша бақ сынаған қатысушы жас дарындар арасынан үздіктер анықталған болатын. Қорытынды нәтиже бойынша, «Халық аспаптары Прима қобыз» номинациясы бойынша Жаңатас қалалық балалар өнер мектебінің оқушылары Скендір Нұрдана Мұратқызы және Эрмахан Шұғыла Елтайқызы, «Халық аспаптары Домбыра» номинациясы бойынша Жақсылық Айша Нұрғалиқызы, «Халық әні» номинациясы бойынша Жайылма ауылдық балалар өнер мектебінің оқушысы Қуанышбек Бекболат Мақсатұлы, «Эстрадалық ән» номинациясы бойынша Жағыппар Нұрсұлу, «Бейнелеу өнері» номинациясы бойынша «Балалар шығармашылық орталығының» оқушысы Кәрібек Нұрзия Жаңабайқызы және Жаңаарық ауылдық өнер мектебінің оқушысы Әсембек Бибінұр Ауесбекқызы, «Сәндік қолданбалы өнер» номинациясы бойынша «Балалар шығармашылық орталығының» оқушылары Сабыржан Әмина Нұрхатқызы, Кеңесбек Арайлым Қалдашқызы, студент жас Жеңісбаев Ерболат Бағдатұлы І орынды иеленіп, бағалы сыйлықтармен марапатталып, Облыстық Дельфийлік Ойындарына жолдама алған болатын.

Аталмыш ойынның Облыстық кезеңі 2021 жылдың 11 маусымы күні Тараз қаласындағы Ы.Дүкенұлы атындағы мәдениет үйінде Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен өткізілді.

Байқауға жолдама алған үміткерлердің Облыстық ойынға қатысуын қамтамасыз ету орталық тарапынан ұйымдастырылды.

Байқау қорытындысына сәйкес, ауданның сенімін ақтауға аттанған 9 үміткердің 5-еуі бәйгеде оза шауып, аудан мерейін асқақтатты. Атап айтар болсақ, «Халық аспаптары Прима қобыз» номинациясы бойыншаЭрмахан Шұғыла Елтайқызы ІІ орын, «Халық аспаптары Домбыра» номинациясы бойынша Жақсылық Айша Нұрғалиқызы ІІІ орын, «Бейнелеу өнері» номинациясы бойыншаКәрібек Нұрзия Жаңабайқызы ІІІ орын,«Сәндік қолданбалы өнер» номинациясы бойынша ауданымыздың белсенді жасы Жеңісбаев Ерболат Бағдатұлы ІІ орын иеленсе, Сабыржан Әмина Нұрхатқызы І орынды иеленіп, Республикалық Дельфийлік ойындарына жолдама алып, аудан намысын биіктен асқақтатын болады.

Назерке Айнабекова,

«Ұйымдастыру және бақылау» бөлімінің басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.