Көшпелі керуеннің көздегені – аудан жастарын ақпараттандыру

229

Елімізде  мемлекет басшылары ұсынған жобалар мен  бағдарлмалар өте көп.  Бірақ, сол бағдарламалардан хабардар болып, оларды тиісті деңгейде кәдеге жаратып жүргендердің саны өте аз.

Жуырда аудан жастарын ақпараттандыру мақсатында  Көкденен ауылдық округінде «Болашаққа бағдар»  атты  іс-шара ұйымдастырылды.  Аталмыш іс-шара  аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өтті.  Қазіргі таңда орталық қызметкерлері  жоспарға сәйкес әрекет жасап, тиімді дүниелерді ғана орындауда.  Солардың бірі – «Болашаққа бағдар» көшпелі керуені. Көшпелі керуеннің мақсаты- аудан көлеміндегі әрбір ауыл, елді мекендердегі жастардың түрлі санаттарын барынша қамтып, оларға қатысты мәселелерді  кең ауқымда көтеріп, нақты шешуге бағыттталған.  Сонымен қатар ұйымдастырушылар аудан жастарын барынша  ақпараттандырып,  кеңес беруді көздейді.   Дәл осындай   іс-шара терапевт, теолог,психолог, заңгер, жұмыспен қамту, атамекен кәсіпкерлік палатасы мамандарының қатысуымен Луговой ауылдық округінде және  Қарақыстақ ауылдық округінде кеңес беру алаңы өз жұмыстарын жалғастырды.

Бүгінгі таңда облыс көлемінде жастарға қатысты бірнеше өзекті мәселелер бар. Дәлірек  айтар болсақ, жастардың жұмыссыз жүруі, жатақхана және баспанамен қамтамасыз етілуі, жас кәсіпкерлердің түрлі бағыттағы мемлекеттік қолдау тетіктерін білмеуі, жастар арасындағы құқық бұзушылықтың жиіленуі, діни сауатсыздықтың артуы солардың қатарына жатады.  Осы түйткілді мәселелерді шешу бағытында жастар ресурстық орталығы  осы бір тың жобаны қолға алып, бүгінде іске асырып отыр.

Расымен де ауыл тұрғындары мен жастары  бұл іс-шараға зор ықыласпен  қатысып, көкейдегі сауалдарына арнайы мамандардан жауап алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.