Жамбыл облысындағы 54 орта мектепте асхана жоқ

584

Биыл Жамбыл облысының мектептеріне 217 мыңға жуық оқушы барады.

Ал 26 мың жеткіншек алғаш рет алтын ұя табалдырығын аттағалы отыр. Өңірде жалпы білім беретін 450 мектеп бар. Таяуда 5 мектептің құрылыс жұмыстары аяқталып, білім күні есіктерін айқара ашпақ. Сонымен қатар 4 білім ордасы жыл соңына дейін пайдалануға берілмек. Бүгінгі таңда білім беру мекемелерінде 209 мың 659 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Оның 28307-сі әлеуметтік жағдайы төмен және толық емес отбасылардың балалары. Алайда аймақта оқушыларды аспен қамти алмай отырған мектептер де бар. Білім саласының қызметкерлері бұл олқылықты мектеп жанына қосымша ғимарат салу арқылы шешеміз деп отыр.

— Бізде облыстағы 450 мектептің 396-да асханалар бар. 54 мектепте асханалар жоқ, оның ішінде төртеуі орта мектеп, үшеуі негізгі мектеп, 47-сі бастауыш мектептер. Жаңа құрылыс есебінен бұл асханалардың мәселелері кезең-кезеңімен шешіліп келе жатыр, – дейді облыстық білім басқармасы орта білімді дамыту бөлімінің басшысы Айдын Досыбаева.

24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.