Жамбыл облысында жаңа жол пайдалануға берілді

511

Жамбыл облысында Батыс Еуропа – Батыс Қытай автожолының Алматы-Ташкент-Термез бағытындағы бөлігі қолданысқа берілді.

Тас жол бірнеше елді мекен мен Қордай асуын айналып өтеді. Ұзындығы 80 шақырымды құрайтын автомагистральдің биыл екінші кезеңі аяқталды. Жоба «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынған. Жалпы құны 17 миллиард теңгеден асады. Құрылыс кезінде 400-ден астам адам еңбекке тартылды. Сапасы бірінші деңгейлі. Ең бастысы, апат өте жиі болатын халықаралық жолдағы қауіпті аймақ Қордай асуының мәселесі шешіліп отыр.

Мейірхан Оңалбаев, Қордай аудандық автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:

— Үлкен жүктер бар. Жеңіл автокөліктер бар. Сол автокөліктер жол жабындысын талқандауына байланысты жылда жөнделетін. Енді осы мүмкіндік. Қазір Батыс Қытай – Батыс Еуропа дәлізі ашылып, соған қуанып отырмыз. Қордай ауданына бұл жақсы жаңалық болып отыр.

Шатбек Байсынов, мердігер құрылысшы:

— В категориясына жатады. Төртжолақты. Біздің жалпы тапсырысқа беріп жатқан екі жолағымыз. Ортадағы бөлінетін қоршауы бар. Үлкен тұрақтар бар. Осы категория бойынша: « Астанадағы жиһаз компаниясы қызметкерлерінің айлығын өсіруде Қызылорда облысында жаңа мектеп ашылды »

 24.kz 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.