Жамбыл облысында «TarSU CUP VII» респубикалық пікірсайыс турнирі өткізілді

607

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Жастар ісі жөніндегі комитетіне қарасты «Еркін Ойлар Алаңы» ИПК-ның ұйымдастыруымен «Жастар — болашаққа жол бастар» атты TarSU CUP VII республикалық пікірсайыс турнирін болып өтті. Турнир 9 наурыз күні тіркелу мен М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры п.ғ.д., профессор Сарыбеков Махметғали Нұрғалиұлымен және Тараз қалалық мәслихатының депутаты, «SK Group» үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығының басшысы Берікқожа Серікбол Қайратұлының қатысуымен пленарлық отырысымен басталды. Турнир барысында «Саналы TALKS» интеллектуалды кеші болады. Кеште сөз сөйлеген спикерлер «SANA» көшбасшылар мектебінің коучері Өмірбеков Данияр Маратұлы, Теология ғылымдарының магистрі, жастар жаңашыры Аманбаев Ержан, «Kit» бизнес ассоциациясының директорының орынбасары Жолдыбай Бек Мұратұлы болды. Турнирдің бірінші күнінде М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректорының қатысуымен кешкі ас өтті. Екінші күні пікірсайысшылардың арасында плей-офф ойындары өтіп, жеңімпаздар анықталды.

 Турнир нәтижесі бойынша 1 орын: «Қайсы, қайсы, бері келш»
Өмірзақ НҰРТУҒАН (ҚазҰУ)
Аққожа ДАСТАН (Тұран университеті)

2 орын: «Алмас қылыш»
Сарсенбаев АРХАТ (Нархоз)
Қашқынбаев ЕЛДОС (Нархоз)

3 орын: «Once upon a time»
Мухамед ДИАС (СУ)
Жеткергенова ЖАНСАЯ (СДУ)

Үздік спикер:
Өмірзақ НҰРДӘУЛЕТ (ҚазҰУ)

Финалист:
Нұрсипат НҰРСҰЛТАН (Нархоз)

Үздік төреші:
Төлеубаев БЕКСҰЛТАН
Мухтарбекова ДИНАРА

Турнирдің бас төрешісі Жамбыл облысы пікірсайыс одағы «Еркін Пікір» ЖҚБ-нің мектеп лигасының жетекшісі, М.Х.Дулаи атындағы Тараз мемлекеттік университетінің 4-курс студенті – Өзбек Мағжан.
Турнирдің Бас гиді «Достық» студенттік ұйымының ЕХ-төрайымы, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің 3-курс студенті Мұхтарбекова Динара.

         Турнирдің бас ұйымдастырушысы «Еркін Ойлар Алаңы» интеллектуалды пікірсайыс клубының координаторы, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің 3-курс студенті Әбдіғаппар Диана.
Турнир қорытындысы нәтижесі бойынша жеңімпаздар (1, 2, 3 орын, «Үздік спикер», «Үздік төреші», «Үздік ойыншы») дипломдармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.