Биыл негізгі ҰБТ-ны 233 мыңға жуық талапкер тапсырды. Олардың 76%-ы шекті балл жинады.
• Орташа балл – 66;
• Ең жоғары нәтиже – 140 балл.
Тестілеуге ерекше білім беру қажеттілігі бар 800 талапкер қатысты.
Ереже бұзған 890 талапкердің нәтижесі жойылды. Оның ішінде 522 талапкер тыйым салынған заттарды кіргізбек болған. 361 адам тест кезінде аудиториядан шығарылды.
Тағы 7 адамның нәтижесі бейнежазбаларды тексеру қорытындысы бойынша жойылды.