Жамбыл облысында «Мектепке жол» акциясы өтуде

745

Дәстүр бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен жаңа оқу жылы жақындағанда «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы өткізіледі, – деп хабарлайды «08info» ақпарат агенттігі облыс әкімдігінің білім басқармасына сілтеме жасап.

Бұл әлеуметтік акция 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында жүргізіледі. Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету.

Leave A Reply

Your email address will not be published.