Зейнеп Ахметова Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

916

Әулиеата жұртшылығымен үш күндік кездесуге арнайы келген жазушы, Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова батырдың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Сондай-ақ, бүгін түстен кейін «Баласағұн» ОКЗ-да батыр Баукеңнің ерлігін, парасатын өскелең ұрпаққа насихаттап, қазақтың қыз-келіншектерін ұлттық тәрбиемен сусындатып жүрген абзал жан Жамбыл жұртшылығымен кездесу өткізеді деп күтілуде.

«Аманат арқалаған жан» тақырыбымен өтетін кездесу барысында ұлттық тәрбие, рухани құндылық, салт-дәстүр туралы айтылады. Облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен өтіп жатқан кездесу ертең Тараз педагогикалық институтында, 13 қыркүйек күні батырдың туған жерінде жалғасын табады.

Зейнеп Ахметова – қазақтың біртуар батыры, екінші Дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег Бауыржан Момышұлының келіні. Қазақы дәстүрлерді насихаттаушы. “Шуақты күндер”, “Бабалар аманаты”, “Күретамыр” кітаптарының авторы.

zhambylnews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.