Таразда «Ақ дастарқан» қайырымдылық жобасы жүргізілуде

598

Тараз қаласында «Өркениет» қорының ұйымдастыруымен «Ақ дастарқан» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында қаланың «Құмшағал», «Шөлдала», «Көлтоған» ауылдарындағы аз қамтамасыз етілген отбасыларына азық-түлікпен қамтамасыз етіліп отыр. Жалпы 150 жанұя мүшелеріне құны әрқайсысы 6000 теңге болатын азық-түлік себеті берілуде, – деп хабарлайды Тараз қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

«Ораза айында аталған қор мүшелері жоғарыдағы ауылдардың 200 жанұясына «Екібазтұз» көмір зауытының 3 тоннадан көмірімен қамтамасыз етіп, қайырымдылық акциясын өткізген. Көмірдің бір тоннасы 15000-16000 теңгеден екендігін ескерсек, бұл жанұялар үшін үлкен көмек» — делінген хабарламада.

Leave A Reply

Your email address will not be published.