Таразда тұңғыш ІТ-сынып ашылды

865

Бүгін «Нұр Отан» партиясының «Балаларға ақысыз ІТ-сынып ашу» жобасы ясында «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент қоры және Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ұйымдастыруымен облыстағы алғашқы ІТ-сынып ашылды.

Аталмыш шараға «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұратхан Шүкеев, Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасары Жәмила Бекбатырова, партияның Тараз қалалық және аудандық филиалдары төрағаларының бірінші орынбасарлары, үкіметтік емес ұйым жетекшілері  қатысты.

ІТ-сыныпта 10 оқушы, 1 мұғалімге арналған барлық құрал-жабдықтары, оқу-құралдары және компьютерлермен қамтамыз етілген. Интернетке қосылған. Сонымен қатар, ІТ-сыныпта оқушылардың сабақ оқуымен және құрал-жабдықтармен жұмыс істеудегі ескертпе стендтері,  робототехника және 3D модельдеу үстелдері құрал-жабдықтарымен орналасқан.

Мұнда оқушылар «STEM centrе» акдемисы бойынша 3 модульден тұратын оқу бағдарламасымен оқиды. ІТ-сыныпта 8 және 16 жас аралығындағы оқушыларға оқытылады.

Сыныпта оқушылар 1-ші оқу модулінде бағдарламалауды игеріп шығады. Онда оқушылар «Scratch», «Python», «С++», «Java», 2-ші оқу модулінде робототехниканы меңгереді. Онда оқушылар «Лего» және «Арудинно», 3-ші оқу модулінде 3D модельдеуді игереді. Онда оқушылар «AutoDesk», «SketchUp», «SolidWorks» бағдарламаларын меңгеріп шығады.

«Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұратхан Шүкеевтің айтуынша, «Нұр Отан» партиясының бұл бастамашыл жобалары Елбасының «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстарына қатысуға партияның толық дайын екенін көрсетеді.

Қазірдің өзінде облысымызда жаңа партиялық жобалар өз жұмысын бастап кетті. Осыған орай «Нұр Отан» партиясы мен жергілікті мемлекеттік органдар, өңірлік кәсіпкерлер палатасы және бизнес қауымдастық арасында бірқатар меморандумға қол қойылды.

Алдағы уақытта желілік кесте бойынша жыл соңына дейін 12 ІТ-сынып ашу жоспарланған. Бұдан бөлек облыста тағы да 3 коворкинг орталық және 1 білім орталығы іске қосылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.