«Тараз» ойыншыларының жалақы бойынша қарыздары жыл соңына дейін жабылады

12

Жамбыл облыстық дене шынықтыру және және спорт басқармасының өкілдері футбол клубына жалақы бойынша қарыздары туралы түсінік берді.

Айта кетейік, «SPORTINFORM» спорттық ақпарат агенттігінің мәліметтері бойынша осы науқанның қорытындысы бойынша Премьер-Лигаға оралған «Тараз» командасының футболшылары 3 ай бойы жалақы алмаған. Олар сонымен қатар 20 сыйақыларын да ала алмай жүр.

«Тараз» футбол клубының тамыз бен қазан айлары аралығындағы жалақылары мен ойыншылардың сыйақылары берілмей келгені рас»,- деді Жамбыл облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекшісі Нұрбол Жүнісбеков.

«Бұның себебі де бар. Биылғы жылдың басында жаңа басшылық Премьер-Лигаға шығып қана қоймай, турнирлік кесте бойынша жоғары орындарға қол жеткізу жөнінде міндет қойды. Осыған қарай чемпионат басталар сәтте жоғары деңгейлі ойыншыларды әкелу қажет болды. Өз кезегінде бұл жалақы қорының көлемін арттыруға мәжбүрледі. Бұған қоса ойын кестесіндегі өзгерістерге байланысты қосымша ойындар ұйымдастырылды. Оның барлығы 2018 жылдың бюджетінде жоқ болатын. Осының барлығын қоса алғанда біршама қиындықтар туындап, жалақы бойынша қарыз қалыптасты».

Нұрбол Жүнісбековтың айтуынша, бюджет бойынша өтініш беріліп, ол облыстық комиссияда қаралды. Қарыздардың барлығы жыл соңына дейін жабылады.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.