ТҮРКІСТАНДЫҚ БАЛУАН ҚЫЗДАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА КОМАНДАЛЫҚ ҮШІНШІ ОРЫН АЛДЫ

209
Астана қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен ел чемпионаты жалғасуда. Әйелдер күресінен жеңімпаздар анықталды. Тартысқа толы өткен аламан күрес бәсекесінде түркістандық бұрымдылар нәтижелі өнер көрсетті. Жерлестеріміздің еншісінде 1 күміс, 4 қола медаль бар.
Өңір мерейін үстем еткен арулар қатарында 53 келіде бақ сынаған Аяжан Марқашева күміс медальді мойнында жарқыратты. Ал төрт бірдей түркістандық ару қола медаль олжалады. Атап өтсек, 57 келідегі талантты балуан қыз Шұғыла Өмірбек, 59 келіде Мадина Аман, 65 келіде Гүлдана Өсербай, 72 келіде Шәмшиябану Тастанбек сынды дарынды бұрымдылар бар.
Дүбірге толы күрес бәсекесінде әйелдер күресінен командалық сында 112 ұпай жинаған Түркістан облысы ІІІ орынды еншіледі.
Енді жарысты еркін күрес шеберлері жалғастырады. Бұл сында 10 салмақ дәрежесінде де түркістандық балуандар бақ сынайды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.