Тағылымдаман өтуші жастардың саны артуда

171

Нарық заманында тұрақты жұмыс табу көп жағдайда жас маманның кәсіби білім-білігімен қоса, алғырлығына да байланысты. Сол себепті, еңбек тәжірибесінен тыңғылықты өткені ең алдымен жастардың өзіне пайда.

Қазіргі таңда Жамбыл облысы ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/4 мекемесінде де тәжірибеден өтуші жастардың қатары көбейген. Мекеме басшылығы жастарға қатаң тәртіптегі түзеу мекемесінде тәжірибеден жүрдім-бардым өте алмайтынын, мұнда қызметкерлерге қойылатын талап жоғары екенін ескертіп, жас мамандарды зерек, алғыр етіп қалыптастыру үшін оларға білікті қызметкерлерді тәлімгер ретінде тағайындаған.

Бұл күні тағылымдамадан өтуші қос бірдей жас маман режим бөлімінің тексеру тобында біліктіліктерін арттыруда. Олар мекеменің ішкі аумағына тыйым салынған заңсыз заттардың өтіп кетпеуін, сәлем-сауқат арқылы сотталғандарға «жақсылық» жасағысы келген жақындарының жымысқы ойын жүзеге асырмауға міндетті!

Аяжан Иманбекова,
ЖД-158/4 мекемесі кадр саясаты бөлімінің инспекторы, әділет аға лейтенанты

Leave A Reply

Your email address will not be published.