Студенттер арасында пікірсайыс турнирі өтті

717

Бүгінде әлем бойынша табиғи апаттар мен катаклизмалар көптеп жиілеуде. Осы бағытта әлем мемлекеттері ортақ мүдде аясында көптеген іс-шаралар қолға алынуда. Әлемдік деңгейде көтеріліп жатқан бұл тақырыптан Қазақстанда шет қалған емес.

Осыған орай, Тараз қаласында Жамбыл облысы әкімдігі табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының қолдауымен Жамбыл облысы пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Жамбыл политехникалық жоғары колледжі қабырғасында «Табиғат – адам – қоғам» тақырыбында облыстық пікірсайыс турнирі өтті. Турнирдің мақсаты – жастар арасында табиғаттың адам өмірінде алатын орны, өзектілігі, қажеттілігін көрсету, табиғатты аялауды насихаттау мен эстафеталық режимді қалыптастыру болып табылады. Тартысты додада көптеген өзекті мәселелер көтеріліп, олардың шешу жолдары қарастырылды. Турнирға жоғары оқу орындарының, орта арнаулы оқу орындары мен колледж білімгерлері қатысты.

Кей жастар табиғатқа бей-жай қарамайтындығын алға тартса, енді бірі сол табиғатты қауіп қатерлерден қорғаудың тиімді механизімдерін ұсынды.

Турнир нәтижесі бойынша 1 орынды М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлееттік университетінің 1 және 2 курс білімгері Тургалиева Венера мен Кемелбекова Аружан иеленді. Ал жүлделі 2 орынды дәл осы университеттің 1 курс білімгерлері Саурамбаев Бектас пен Орынбасар Еркебұлан қанжығаларына байлады. Үште болса күш деген ұғымды алға тартқан Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің білімгерлері Байтуреев Болат пен Жұмашев Бекзат 3 орынды иеленді. Турнирдегі ең үздік пікірсайысшы номинациясымен Саурамбаев Бектас марапатталды. Турнирға жалпы саны 20 топ қатысты.

Жеңімпаздар бағалы сыйлықтар мен естелік дипломдармен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.