Сарысуда білім саласына басымдық беріліп отыр

636

Сарысу ауданы бойынша 2017-2018 оқу жылында 301 оқушы мектеп бітірді. Оның 247-сы, немесе 82 пайызы жоғары оқу орнына түсу үшін ҰБТ тапсырды, – деп хабарлайды «08info» ақпарат агенттігі.

ҰБТ қорытындысы бойынша ауданда жалпы орташа балл 78,9-ды құрады.

Сондай-ақ, аудандағы 1-6 жас аралығында мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған балалар саны 2 639 балаға жетіп отыр. Осылайша, аудан бойынша қамтылуы үлесі 72,2 пайызды құрады. Ал, 3-6 жас аралығында қамтылған балалар саны 3663 бала болып, қамтылуы үлесі 95,1 пайызды құрап отыр.

Қазіргі уақытта балабақша кезегінде 725 балдырған бар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.