Жамбыл облысында «ҚХА жастары — 2018» аймақтық жастар форумы өтті

741

Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен «ҚХА жастары — 2018» аймақтық жастар форумы өтті.

Шараның Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI Сессиясы қорытындылары бойынша көрсетілген міндеттерді түсіндіру және қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру технологиялары бойынша жастардың кәсіби білімі мен білік-дағдыларының деңгейін арттыру. Елімізді мекендеген әрбір ұлт пен ұлыстың мәдениеті мен өркениетін келешек ұрпақтарына айнытпай жеткізіп, татулық пен тұрақтылықты қалыптастыру, бірлік пен біртұтастықты насихаттауға бағытталды.

Үш күнге созылған жазғы лагерьге 23 этномәдени бірлестіктердің белсенді жастары қатысты. Форум қатысушыларына арнайы дайындалған жоспарға сай әр түрлі іс-шара, ойын-сауық бағдарламалар, спорттық жарыстар мен тәрбиелік мән-мағынаға ие қысқа метражды фильмдер көрсетілді.

Алғашқы күні жастар Альбина Тапаваның  «Қоғамдық сананы жаңғырту сияқты әлеуметтік және мәдени құндылықтарды трансформациялау» атты семинар-тренингіне қатысты. Онда Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының маңыздылығына, Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI Сессиясы жұмысының қорытындысы бойынша қоғамдық сананы жаңғырту, бірлік пен бірегейлікті нығайту жөніндегі міндеттерді жүзеге асыру тетіктері сынды бірқатар мәселелерге тоқталды. Сонымен қатар, жаңа міндеттерді түсіндіру, жаһандық және өңірлік сын-тегеуіріндер мен қатерлер жағдайындағы қазіргі кезеңдегі  қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдылықтарын анықтау жөнінде де өзара пікір алмасты.

Форумның екінші күні қатысушылар «Ұлы дала елінің киелі мұрасы» акциясы негізінде Берікқара шатқалын аралады. Сондай-ақ, шахмат, дойбы, футбол, теннис, волейбол, баскетболдан өзара сынға түскен командалар  бақтарын сынады.

Шараның үшінші күні түрлі мастер класстар өткізіліп, бірлестік жастары театрландырылған қойылымдар байқауын өткізді.

Форум соңы  белсенділік таныта білген жастарды марапаттап, естелік сыйлықтар тапсырумен және этномәдени бірлестік жастарының қатысуымен өткен концертпен аяқталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.