Облыста балық шаруашылығын дамыту қолға алынды

10

Жамбыл облысында ауданы 24 мың 266 гектар болатын 115 ірі су айдыны бар. Оның 94-і шаруашылық жүргізу үшін заңды тұлғаларға берілген.

Мұнда жыл сайын 200 тоннадан астам балық ауланады. Алайда бұл көлем облыс жұртшылығы үшін жеткіліксіз. Өйткені өңір тұрғындарына жыл сайын 3 мың 880 тонна балық қажет болса, оның 2 мың 465 тоннасы басқа аймақтардан жеткізіледі.

Жергілікті билік балық шаруашылығын дамытамын деген азаматтарға 6 процентпен 12 миллион теңгеге дейін несие беруді қарастырып жатыр. Қазір табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы облыстағы өзен-көлдерге ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, балық өсіруге қолайлы 103 су айдынын анықтаған.

Айбар Әділбақов, облыстық ТР және ТПР басқармасы басшысының орынбасары:

— Қазір бізде субсидиялар төленеді, ол біріншіден, жаңағы берілген балықтың тамағына 30 пайыз көлемінде шығындарын өтейді және инвест субсидия ол осы табиғат пайдаланушылардың алған құрал-жабдықтары мен техникаларының 25 пайыз шығындарын қайтарамыз. Жалпы осы су айдындарының потенциалы облыс бойынша 2022  жылға шығуға жоспарлап отырмыз 1300 тоннаға жеткізу.

24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.