Мешіттердегі түсіндіру жұмыстары

113

Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жамбыл ауданына білікті теологтар мен дінтанушыларды тарта отырып, ақпараттық-түсіндіру, консультациялық, ағартушылық және оңалту жұмыстарын жүргізу» тақырыбындағы әлеуметтік жобаның аясында «Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығының ұйымдастыруымен Жамбыл ауданының бірқатар мешіттерінде елімізде танымал, Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, «Нұр-Мүбәрәк» Египет ислам университетінің оқытушысы дінтанушы Ризабек Батталұлы және облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Ержан Аманбаев мешіт жамағатымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездекесулер барысында дінтанушылар жамағатты бірлікке, бірізділікке шақырды. Бүгінгі таңда теріс діни ағымдардың тек біліммен және бірлікпен ғана жеңуге болатынын түсіндіріп өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.