«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – ортақ парызымыз!»

203

Байзақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды жүргізу» тақырыбындағы әлеуметтік жобасы аясында «Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы»  заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен  Сарыкемер ауылдық округі, Бәйтерек ауылдық округі, Қостөбе ауылдық округі, Бурыл ауылдық округі, Түймекент ауылдық округтерінде Қоғамда жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру қызметін ұйымдастыру мақсатында:

Тұрғындардың өтініштері мен әлеуметтік мәселелерін зерделеу мақсатында қоғамдық қабылдау ұйымдастырылып өткізілді. Қоғамдық қабылдауларға аудандық адалдық алаңы жобалық офисінің жетекшілері, ішкі саясат бөлімінің басшысы С.Иманова, Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының бірінші орынбасары Р.Төлебаев, Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа облыстық ақпараттық топ мүшесі А.Олжабай  және бірлестік қызметкері жүргізді. Қоғамдық қабылдаулар барысында тұрғындардың сұрақтары, ұсыныстары, өтініштері тыңдалып, олардың көпшілігіне сол мезетте сала мамандары тарапынан жауаптар берілді. Зерделеуді, қажет етеін проблемалық сұрақтар назарға алынып, алдағы уақытта тұрғындарға қосымша ақпарат берілетіндігі түсіндірілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.