«Мектепке жол» акциясының алғашқы онкүніндігі қорытындыланды

593

Республикалық «Мектепке жол» акциясының алғашқы он күнінде облыс бойынша 1 253 баланың мектепке дайындалуына көмек көрсетілді, – деп хабарлайды «08info» ақпарат агенттігі.

Жалпы, акция аясында 40 338 мың теңгеге мектепке қажетті құрал жабдықтар және мектеп формалары алынды.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы акция 1 тамыз — 30 қыркүйек аралығында «Бақытты балалық шақ мекені!» ұранымен өтедi.
Өткен жылы қайырымдылық шара шеңберінде 29411 балаға демеушілер тарапынан 221 млн. 360 мың теңгеге материалдық көмек көрсетілсе, биыл көпбалалы отбасылар мен ерекше қолдауды қажет ететін 28307 балаға көмек көрсетіледі деп жоспарлануда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.