Жамбыл облысында 6 ай көлемінде 780 тұлға сотталған

587

Жамбыл облысында 6 айдың ішінде 780 тұлға сотталған. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында облыстық сот төрағасының міндетін атқарушы Нұрмұхаммат Абидов, азаматтық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының міндетін атқарушы Ардақ Әкетаев, облыстық соттың судьясы Ғалым Құлекеевтердің қатысуымен өткен брифингте айтылды.

Нұрмұхаммат Абидовтың айтуынша, ағымдағы жылдың 6 айында Жамбыл облысы соттарының қарауына 1116 қылмыстық іс түскен. Оның ішінде, үкім шығару арқылы 813 тұлғаға қатысты 722 қылмыстық іс қаралған, 248 тұлғаға қатысты 218 қылмыстық іс қысқартылған.

Сондай-ақ, сотталған 780 тұлғаның ішінде 190-ы бас бостандығынан айырылған, ал  100 тұлға шартты түрде сотталған, бас бостандығын айырудан басқа да жазаға тартылғандар – 480 тұлға, 65-68 баптарға сәйкес 5 тұлға және рақымшылықпен 5 тұлға жазадан босатылған.

zhambylnews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.