М. Мұсаев мойынқұмдық шаруалермен кездесті

457

Елбасының ағымдағы жылы жолдаған  жолдауының басты бағыттарымен қаруланған Мойынқұм аудан әкімі Мәден Мұсаев Айдарлы, Бірлік, Биназар, Күшаман ауылдарында болып, шаруа қожалықтарының жетекшілерімен кездесті.

Кездесулерде әңгіме арқауы суармалы егістік алқаптарын агротехникалық талаптарға сай күтіп-баптау, күздік сүдігер жырту, егін шаруашылығының басым бағыттарын айқындау, қандай дақыл егуді нарық қатынастары талабына сай орайластыра жүргізу, Биназар, Бірлік, Богдан, Сануй, Оңғарбай, Коминтерн каналдарының суын тиімді пайдалану жайлы сөз болды.

Сондай-ақ, аудан басшысы алдымен Айдарлы ауылдық округінде жол бойында Бірлік каналының іргесіне егін егіп, нәпәқасын айырып отырған шаруалармен кездесті.

Кездесуде диқандар тарапынан аудан әкіміне түрлі сауалдар қойылып, оған тұшымды жауап қайтарылды. Түстен кейін аудан басшысы Бірлік ауылындағы «Желтоқсан» клубында бірліктік диқандармен кездесіп, өзінің келгендегі мақсатын жүйелеп түсіндіріп берді.

Айта кетейік, жиналыстан соң аудан басшысы бастаған топ шаруаларға тиесілі жер телімдерін аралап, жердің нақты ахуалына қанықты.

zhambylnews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.