Парижде ең үлкен шоколад жәрмеңкесі ашылды

483

Парижде әлемдегі ең үлкен «Salon du Chocolat» шоколад жәрмеңкесі ашылды.

24-ші жыл қатарынан дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан жәрмеңкеде қонақтар назарына шоколадтан жасалған ерекше киім үлгілері ұсынылып, әр түрлі шоколад өнімдерінен дәм тату мүмкін болды.

4 қарашаға дейін жалғасатын жәрмеңкеге әлемнің 60 елінен 500 өндіруші қатысып жатыр.

Ең алғашқы көрмесі 1994 жылы ашылған,  содан бері Нью-Йорк, Токио, Мәскеу, Пекин және Шанхай сияқты әлемнің ірі қалаларында болып үлгерді.

egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.