Қордайда 49,7 млрд. теңгенің 5 жобасы жүзеге асуда

417

Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында Қордай ауданының әкімі Болатбек Байтөленің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Болатбек Байқонысұлы ауданның соңғы 9 айда атқарған жұмыстары туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді. Бұл туралы Жамбыл облыс әкімінің баспасөз қызметі өзінің ресми парақшасында жариялады, – деп хабарлайды «08info» ақпарат агенттігі.
Елдегі игі бастамалардың жарқын жалғасына айналған кезекті Жолдауында Президентіміз халық табысының өсуіне, тұрмыс сапасының жақсаруына, өмір сүруге қолайлы және қауіпсіз ортаның қалыптасуына, азаматтар сұранысына сай бейімделген мемлекеттік аппараттың құрылуына, кәсіпкерлік секторының дамуына ден қойды. Сонымен қатар, «7-20-25», «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» және басқа да мемлекеттік бағдарламалардың жер-жерлерде орындалуына ерекше мән берді.
2050 жылға қарай әлемнің озық дамыған 30 елінің қатарына қосылу сынды басты стратегиялық бағытты жүзеге асырып, әлемдік саяси және экономикалық трансформация үдерісіне ілесу үшін «100 нақты қадам» — Ұлт жоспары жарияланып, еліміз Үшінші жаңғыруға аяқ басты. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған осындай экономикалық саясаттың, мемлекеттік жаңа индустрияландыру бағдарламаларының арқасында аудан экономикасының тынысы кеңейді. Мысалы, мемлекеттік саясатқа сай, Қордай ауданында түрлі саланың қозғаушы күшіне айналған бағдарламалар бойынша есепті мерзімде атқарылған жұмыстар аз емес.
Бүгінгі ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы ортақ еңбектің жемісі.
Есепті мерзімде ауданда атқарылған жұмыстар көлемі аз емес. Сонымен қатар, іске асырылуға тиісті жұмыстар, шешуді қажет ететін мәселелер де баршылық.
Атап айтқанда, үстіміздегі жылдың 9 айында ауданның өнеркәсіп кәсіпорындары 11440,2 (8681,9) млн. теңгенің өнімін өндіріп, нақты көлем индексі 107 пайызды құрады. 2015-2019 жылдарға арналған өңірлік индустрияландыру картасына енгізілген ауданда жалпы жобалық құны 49 млрд. 773,2 млн. теңгені құрайтын 5 жоба жүзеге асуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.