Қазақстанда 22,78 млн тонна астық бастырылды

13

Қазақстанда 6 қарашасындағы көрсеткіш бойынша, 22,781,7 млн тонна астық бастырылды.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі келтірген ақпаратқа сәйкес, аймақтарда егін орағы 100 пайызға жүргізіліп, 15 млн 55,9 мың га алқап орылған. Орташа түсімділік бір гектарға 15,1 центнерді құраған.

Ендігі кезекте бұл көрсеткішті өткен жылмен салыстыра кетсек, 2017 жылы да аймақтардағы жалпы орылатын аумақтар 100 пайызға игеріліп, 22 млн 272,8 мың тонна астық бастырылған. Орташа түсімділік гектарына 2017 жылы 14,5 центнерді көрсеткен.

Қазақстанда 2018 жылы жиналатын аумақ 15 млн 62,7 мың гектарға тең болған. 2017 жылы жалпы жиналатын аумақтың гектары 15 млн 365,1 мың болып еді. Сонымен бірге, егіс науқанында биыл 15 млн 122,6 мың га аумаққа бидай (өткен жылы 15 млн 411,6 мың га аумаққа) себілген.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.