Қайырымдылық шаралары өткізіліп, бірқатар әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді

431

Тұңғыш Президент күніне орай аудандар мен Тараз қаласында қайырылым акциялар ұйымдастырылды.
Қайырымдылық шараға облыс басшылығы, қала, аудан әкімдері бастаған мекеме басшылары, ірі кәсіпорын басшылары, кәсіпкерлер облыстағы тұрмысы төмен, табысы аз, көпбалалы және толық емес отбасыларға, жалпы 1281 отбасына азық-түлік себеттерін, көмір, қысқы киімдер, жалпы тұрмысқа қажетті заттарды табыс етті.

Мәселен, Тараз қаласында 83 отбасына көмек көрсетті. (Тараз қаласы – 83, Байзақ ауданында – 110, Жамбыл ауданында – 133, Жуалы ауданында – 116, Қордай ауданында – 228, Меркі ауданында – 117, Мойынқұм ауданында – 141, Талас ауданында – 93, Т.Рысқұлов ауданында – 62, Сарысу ауданында – 101, Шу ауданында – 97 отбасы).

Сонымен қатар, мереке қарсаңында облыста 28 нысан ел игілігіне берілді. Атап айтқанда, 1 фронт офис, 22 медициналық пункт, 2 балабақша ашылып, 3 инженерлік жүйесі іске қосылды.

— 28 қарашада Тараз қаласында Zhambyl Invest фронт-офисы, Байзақ ауданында Кеңес, Ботамойнақ, Багара, Жаңасаз ауылдарында медициналық пунктері берілді.

— 29 қарашада Жуалы ауданында Т.Дүйсебайұлы, Қосбөлтек, Қарасу, Майбұлақ, Ақтасты ауылдарында медициналық пунктер, Қордай ауданы, Қордай ауылындағы 75 орындық «Көркем Қордай», Қызылсай ауылында 50 орындық «Тілашар 2» жеке меншік балабақшалары, Бәйтерек, Қызылсай ауылдарында медициналық пунктер, Меркі ауданында Талдыбұлақ, Қазақдихан, Сыпатай батыр, Аққайнар, Тескентоған ауылдарында медициналық пунктер пайдалануға берілді.

— 30 қарашада Жуалы ауданында Теріс, Қосбөлтек, Нұрлыкент ауылдарында жаңа тұрғын алқабының инженерлік жүйесі іске қосылды.

— 1 желтоқсанда Қордай ауданында Қалғұты, Мұзбел, Кенен ауылдарында медициналық пунктер, Меркі ауданында Алтынарық, Қарасу, Қайыңдысай ауылдарында медициналық пунктер пайдалануға берілді.

Мерекеге орай облыста 102 мәдени-көпшілік шара ұйымдастырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.