Әлеуметтік жоба аясында бостандыққа шықты

417

Мемлекет басшысының 2016 жылғы 8 желтоқсанындағы №387 Жарлығымен «Бас бостаңдығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметгік оңалтудың 2017-2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясы» бекітілген болатын. Осыған орай, бас бостандығынан айыру орнынан босаған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың тиімді жүйесін қалыпқа келтіру мақсатында Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЖД-158/2 мекемесінде «Қақпа алдындағы кездесу» әлеуметтік жоба іс-шарасы өткізілді.

Аталған шараға мекеме САТӘПЖБ бөлім бастығы, әділет майоры Ә.Б. Даулетқұлов, Жамбыл облысы бойынша Тараз қаласы Әкімдігінің халықты жұмыспен қамту Орталығының бас маманы М. О. Амреев және Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД Тараз қалалық №1 пробация қызметі бөлім бастығы орынбасары, әділет капитаны О. Н. Бектаев қатысты.

Шара барысында Ә.Б. Даулетқұлов «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасының мақсатын түсіндіріп, оның мән-маңызына кеңінен тоқталды. Ал Тараз қаласы Әкімдігінің халықты жұмыспен қамту Орталығының бас маманы М. О. Амреев өз сөзінде Тараз қаласында  бос жұмыс орындар тізімін ұсынып, тіркелу тәртібін сондай-ақ ҚР «Халықты жұмыспен қамту» туралы Заңының 4 және 9-баптарын түсіндіріп өтті.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД Тараз қалалық №1 пробация қызметі бөлім бастығы орынбасары, әділет капитаны О. Н. Бектаев  та сөз алып,  ҚР Қылмыстық Кодексінің 73-бабын, Қылмыстық-Атқару Кодексінің 65,66,67-баптарын түсіндіріп, қайталанған құқық бұзышылыққа жол берген үшін қандай жауапкершілікке тартылатыны ескертіп өтті. Сонымен қатар,  Пробация қызметінің мамандарымен бостандыққа шыққан азаматпен алдағы уақытта әлуметтік ортаға қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілетінін атап көрсетті.

Сонан соң сотталған М.А. есімді азаматтың жазасының өтелмеген бөлігін неғұрлым жұмсағырак жазаға ауыстырылып, босатылады. Шара соңында ЖД-158/2 мекемесінің САТӘПЖБ бөлім бастығы, әділет майоры Ә.Б. Даулетқұлов сотталған азаматтың келекшетегі өміріне сәттілік тілеп, шығарып салды.

А. Базарбай,

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті

ЖД-158/2 мекемесінің сотталғандар арасында

әлеуметтік-психологиялық жұмысы бойынша бөлімінің

ЕТО инспекторы, әділет капитаны

Leave A Reply

Your email address will not be published.