«Мемлекет және азаматтық қоғам» оқыту семинары өтті

346

Жамбыл облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Сараптамалық қауымдастықты дамыту жөніндегі іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Жамбыл облыстық қоғамдық бақылау және монитоинг орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Жамбыл» конақ үйінің мәжіліс залында Тараз қаласындағы мемлекеттік орган қызметкерлер мен ҮЕҰ-ның көсбасшыларының қатысуымен «Мемлекет және азаматтық қоғам» тақырыбында оқыту-семинары болып өтті. Оқыту-семинарының лектор-тренері ретінде «Қазақстанның болашағы үшін» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Исатай Ғабиден және Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелер басқармасының басшысы Серікбол Қайратұлы Берікқожа болды.

Оқыту-семинарының мақсаты азаматтық сектор өкілдерінің сараптамалық әлеуетін дамыту, жобаларды іске асыратын ҮЕҰ-дардың мониторингі мен бағалау дағдыларын арттыру, білім мен дағдылардың деңгейін арттыру, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды қалыптастыру, енгізу, мониторингілеу және үйрету болып табылады. Оқыту барысында Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарға эксперттік бағалау әдістемелері талқыланды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.