Донор бол, өмір сыйла

643

Әлемнің барлық елінде 14 маусымда аталып өткен Дүниежүзілік донорлар күні біздің облыста да ескерусіз қалмады. Атаулы күнге орай, Тараз қалалық мәдениет үйінде облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы облыстық   қан орталығы мен  «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалымен бірлесе отырып, «Өтеусіз донорлықты дамыту» тақырыбында игі шара өткізді.

 Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, бүгінде көптеген елдерде қауіпсіз қан қорына деген сұраныс артуда. Бұл мәселемен күресу біздің елімізді де алаңдатпай қоймайды.

Шараға қатысқан «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұратхан Шүкеев өз сөзінде донорлықтың қоғамдағы, әсіресе денсаулық сақтау саласындағы маңызы жайлы айтып өтті. Ал, қан тапсыруға келген ізгі ниетті азаматтардың көңіл толқытарлық әңгімелері де көпшілікке ой салғандай. Шара соңы өмірге құштар жастардың концерттік бағдарламасымен жалғасып, донорлық көмегін тигізген жандарды марапаттау рәсімімен жалғасты.

Бүгінде өзінің қоғамға қаншалықты керек екенін ескере бермейтін азаматтар да баршылық. Ал, донорлыққа жаны жақын жандар бұл мәселеде дұрыс шешім қабылдап, әлемде миллиондаған жанның өмірін сақтап қалуға себепші болуда.

Сәндібек ПІРЕНОВ

Leave A Reply

Your email address will not be published.