Денис Тен қайтыс болды (ВИДЕО)

562
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Алматыда қаскөйлер жасалған шабуылдан қайтыс болды.

Айта кетелік бұған дейін Алматыда белгісіз біреулердің Денис Тенді бірнеше жерден пышақтап кеткені хабарланған еді.

Артынша қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге көліктің қосалқы бөлшектерін ұрлаумен айналысатын қарақшылардың шабуыл жасағанын мәлімдеді.

Белгілі болғандай, спортшы ұрылардың үстінен түскен.

Оқиға бүгін, 19 шілдеде шамамен 15.00-де Құрманғазы мен  Байсейітова көшелерінің қиылысында болған.

Денис Тен – ҚР еңбек сіңірген спорт шебері. Ол 2014 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.

Әзір марқұмға шабуыл жасалған жерде полицейлер зерттеу жүргізіп жатыр. Куәгерлерден жауап алынуда.

Осының алдында ғана Денис Теннің Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық аурухана жеткізілгені хабарланған.

«Ол жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатыр, ота жасалып жатыр. Үш литр қан жоғалтты», — деп хабарлаған еді Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіндегілер.

Leave A Reply

Your email address will not be published.