Әлеуметтік жоба аясында 1 азамат бостандыққа шықты

456

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/1 мекемесінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Республикасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды әлеуметтік оңалтудын 2017-2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясын бекіту туралы» 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №387 Жарлығын қолдануды жүзеге асыру үшін «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасы өткізілді.
Жоба мақсаты — бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтар жұмысқа және тұрмыстық орналастыруға көмектесуге, қоғамға бейімделуге бағытталған. Аталған бағдарлама мекеме АКАТЖ бөлімше қызметкерлерімен ұйымдастырылды.
Жамбыл облысы Тараз қалалық № 2 сотының үкімімен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 192 бабының 2 бөлігінің 1-тармағымен кінәлі деп танылып, оған осы бабпен меншігіндегі қылмыстық жолмен табылған, не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкі тәркіленіп 5 (бес) жылға бас бостандығынан айырылған, жаза мерзімін түзеу колониясының орташа қауіпсіз мекемесінде өтеуге тағайындалған сотталған Е.М. есімді азаматтың өтелмеген бөлігін неғұрлым жұмсақ түріне (бас бостандығынан шектеу) ауыстыру жөніндегі қолдаухаты қанағаттандырылды.
Әлеуметтік жобада қатысу үшін Жамбыл облысы Пробация қызметінің, Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, сонымен қатар, облыстық БАҚ өкілдері шақырылды. Жоба барысында бас бостандығынан шектеу жазасына ауыстырылған Е.М. есімді азаматқа ҚР Қылмыстық-Атқару Кодексінің 65 бабының талаптары түсіндірілді. Ал Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының өкілдері түрлі ЖК, АҚ, ЖШС және мемлекеттік мекемелеріндегі бос жұмыс орындардың тізімін ұсынып, тіркелу тәртібін айтып өтті.
Кездесу соңында жоба жекетшісі, мекеме бастығының орынбасары әділет капитаны Нұржан Кутумбетов өз сөзінде Е.М. есімді азаматты қайталап құқық бұзышылыққа жол бермеуге шақырып, бостандықта туыстық байланыстарын нығайтуын, нәтижелі жұмысқа орыналастыруға және қоғамға бейімделіп, енуге сәттілік тілеп, Пробация қызметінің өкілдерімен шығарып салды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.