Жемқорлықтың алдын алуға арналған жиын өтті

746

Өткен аптада Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/1 мекемесінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас мамандары Данияр Тұрмаханбетов, Айбек Ажибаев және «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облысы филиалының партиялық бақылау жөніндегі инспекторы, облыстық арнайы мониторингтік топтың мүшесі Ерғали Омаровтың қатысумен басқосу өтті.
Жеке құраммен сұхбат ретінде өткен жиын барысында Данияр Жанатбекұлы, Айбек Итқараұлы сондай-ақ Ерғали Жұмағалиұлы жемқорлықтың жегі құрт екенін тілге тиек етіп, әсіресе сақшылар мұндай қателікке бой алдырмау қажеттігін қадап айтты. Өз кезегінде жеке құрам мүшелері өз тараптарынан сауалдар қойып, оған жауап алды.

Ринат Ақышев,
ЖД-158/1 мекемесі кадр саясаты бөлімінің бастығы әділет капитаны

Leave A Reply

Your email address will not be published.