Жазасын өтеушілерге заң шеңберінде көмек көрсетіледі

382

Өткен сенбі күні Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы әділет полковнигі Миржан Смағұлов және оның орынбасарлары Абылайхан Ильясов, Бағлан Жапашева сонбай-ақ облыс бойынша ұлттық алдын алу тетігінің басшысы Ғабит Айтенов, ұлттық алдын алу тетігінің заңгері Руслан Халидов ЖД-158/5 қауіпсіздігі барынша төмен мекемесіндегі 10 сотталған азаматты жеке сұрақтары бойынша қабылдады.
Айта кетейік, аталған түзеу мекемесіндегі сотталғандардың басым көпшілігі жазаларының өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазаға ауыстыру және шартты түрде мерзімінен бұрын босату жөніндегі қолдаухаттарын сот жолдағанымен, оған қанағаттанарлық жауап ала алмаған. Қабылдау барысында жазасын өтеушілердің осы секілді көкейде жүрген сауалдарына жауап алуға мүмкіндік туды. Ал сотталған Б. есімді азамат облыс бойынша Ұлттық алдын алу тетігінің басшысы Ғабит Айтеновке денсаулық жағдайына байланысты мүгедектік алуы бойынша жәрдемдесуін сұрады. Өз кезегінде Ғабит Абдрахманұлы бұл азаматтың іс-құжаттарымен танысып, алдағы уақытта мүгедектік алудың жолдарын көрсететіндігін тілге тиек етті. Басқосу соңында департамент бастығы Миржан Нұрмұхамедұлы жазасын өтеушілердің өтініші бойынша оларға заң шеңберінде көмек көрсетілетінін атап өтті.

Венера Каракозева,
ЖД-158/5 мекемесінің сотталғандар арасында әлеуметтік-психологиялық тәжірибе жұмысы бөлімінің жасақ бастығы, әділет аға лейтенанты

Leave A Reply

Your email address will not be published.