⚜️ОРМАН САҚШЫЛАРЫ ҚҰРМЕТ ТӨРІНДЕ

58
Елімізде қазан айының үшінші жексенбісінде орманшылар төл мерекелерін атап өтеді. Жыл сайынғы жаңылмас дәстүр бойынша бүгін аудан әкімі Бақытжан Жәнібеков өңіріміздегі орман шаруашылығы қызметкерлерімен кездесіп, төл мерекелерімен құттықтады.
Орманшылар қыстың қара суығы мен дауылына, жаздың аптап ыстығына қарамастан табиғаттың осынау керемет сыйын көздің қарашығындай қорғап келеді. Орманды қорғау, оған күтім жасау оңай жұмыстың қатарынан емес. Оның үстіне броконьерлерден де қауіп бар екені анық. Осының барлығына зор жауапкершілік арқалайтын орман сақшылары қандай құрметке болса да лайықты.
Осыны ескере отырып, қызметіне қырағы орманшыларға құрмет көрсетті. Жерлестеріміздің еткен еңбегіне ризашылығымызды білдіре отырып, Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарды табыс етті.

 

Шу ауданы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.